Конституция жобасына алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма енгізіліп отыр. Дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты да айқындалды. Жаңа мәтіннің басты ерекшелігі сол, адам құқықтары мен бостандықтары преамбулада ғана бекітіліп қоймай, бүкіл Конституцияның ерекше басымдығы әрі мағыналық өзегі ретінде танылды. Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасында сөз және шығармашылық еркіндігі, зияткерлік меншік пен мәдени мұраны сақтау мәселелері жеке баптармен нақты бекітілген. Бұл өзгерістер қоғамның демократиялық дамуына ғана емес, елдегі өнер мен мәдениет саласының еркін тыныстауына да тікелей әсер етпек, – деп атап өтті өңірлік коалиция мүшесі Әскерхан Ақтай.
Әскерхан Ақтай, өңірлік коалиция мүшесі:
Жаңа конституцияда жалпы қоғамдық қатынастар жан – жақты қамтылған. Әсіресе рухани құндылықтар, еліміздің тұтастығы. Териториямыздың бүтіндігі. 23 баптың екісінде зияткерлік меншік заңмен қорғалады деп кепілдік берілген. Бұның өзі шығармашылық әлеуеттің артуына әсер етеді. 23 баптың 1 тармағында шығармашылық еркіндік сөз бостандығына еркіндік берілген. Цензура қолданылмайды деген осының барлығы мәдениетіміздің руханиятымыздың дамуына үлкен ықпал ететін өзгерістер деп айтсақ дұрыс.