Адам – мемлекеттің ең жоғары құндылығы. Жаңа Конституция жобасында құқықтар мен бостандықтарды қорғау тек қағидат емес, негізгі заңның мәндік өзегі деп көрсетілген. Адам құқықтарын қорғау Конституциялық деңгейде күшейтілмек. Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып жаңа Конституция жобасында азаматтардың цифрлық құқықтарын бекітуде. Цифрлық деректер жай ғана ақпарат емес, адамның қолсұғылмайтын жеке меншігі мен құқықтық активі ретінде қарастырылады.
Санат Абдрахманов, ШҚО Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысы:
Қазіргі Конституцияда жеке және отбасылық өмірді, оның ішінде хат-хабар алмасуды және отбасының абыройын қорғауға берілген. Уақыттың талабына сай, әрине технологиялар дамып келе жатыр. Сол себепті еліміз әлеммен қатар дамуда, қалыспай аяқ басып келеміз. Енді сол себепті ойлаймын, Конституциялық Ата Заңымызға өзгеріс енгізудің уақыты жеткен сияқты. Қазіргі жобада бұл ұғымдар кеңейтіліп, адамдардың жеке деректері, әсіресе цифрлық технологияларда сақталатын ақпараттарды заңсыз жиналудан сақталудан және оны пайдаланудан қорғалу көрсетілген.