Өскеменде «Жаңа Конституция жобасы – азаматтық және әйелдер бастамасын нығайтудың құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға облыстық қоғамдық кеңес төрайымы, ҚР Конституциялық комиссиясының мүшесі Аяужан Әшімова қатысты.
Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасындағы адам құқықтарын қорғау тетіктері мен заң үстемдігін нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе, отбасы институтын қорғау және отбасылық құндылықтарды бекітуге бағытталған 30-бап төңірегіндегі өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Аяужан Әшімова, ШҚО Қоғамдық кеңесінің төрайымы, Конституциялық комиссия мүшесі:
Ең өзекті тақырып- біздің Ата заңымызға енгізіліп отырған өзгерістер болмақ. Оның ішінде, отбасы мәселелері және отбасылық құндылықтарға үлкен көңіл бөлінеді. Енді егер Қазақстан халқы қолдап, дауыс берген жағдайда Конституциямызда, Ата заңымызда отбасылық құндылықтарға назар аударылып, 30-бапта осы отбасы құндылықтар төңірегінде бекітіліп айтылмақшы. Енді облыстық әйелдер істері және отбасылық демократиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері бұл бағытта үлкен еңбегін сіңіріп отырған, қоғамдағы жұмыста істеп отырған азаматтар мен азаматшалар. Жалпы, неке, отбасы, ата-ана болу, бала мәселелері комиссия мүшелерінің көңілінен ерекше ықылас тудыруда.
Спикерлер неке ер мен әйелдің ерікті келісімі негізінде жасалатынын атап өтіп, бұл норма әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда маңызды қадам екенін жеткізді.
Сәуле Рахметуллина, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры:
Конституцияға қандай өзгерістер енгізілді және оны толығырақ ашып, түсіндіріп, ол өте маңызды. Өйткені, бір сөз, екі сөз оның арасында қандай айырмашылық, тіл туралы, жанұя, ғылым туралы. Осы Конституцияның ең негізгісі—адами капитал. Біз университет болғандықтан, бізге ол өте маңызды. Өйткені, қазіргі таңда ғылым, инновация преамбуласында, негізгі құндылықтардың арасында ғылым мен инновация болса, үшінші баптың екінші бөлімінде ғылым және инновация. Ол біздің мемлекеттің дамуының бір негізгі бағыты. Сондықтан, университет ғалымдары, білім беру жүйесінде істеп жүрген адамдар үшін маңызды. Өйткені, адами капиталді дамыту- Ата заңның негізгісі.
Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасында білім мен ғылымның зайырлы құндылықтар ретінде айқындалуы, адами капиталды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты екені айтылды.
Жанар Садуақасова, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы:
Білім және ғылым жағынан Қазақстандықтар стратегиялық мақсат ретінде қойылуы қуантарлық жағдай. Өйткені, қазіргі қоғамда өндіруші салада ғана емес, негізі интеллектуалды ұлтқа, адами капитальға мән беру болашақта үлкен жемісін әкелетін саясаттардың бірі ретінде ықпалы тұс деп есептеймін. Оны Конституцияда бекіту мықты стимул береді.
Гүлнара Қапасова, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі:
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланып, негізгі түзетулер түсіндірілуде. Оқытушылар мен докторанттар белсенді қатысып, басты назар некенің ер мен әйелдің ерікті келісімі негізінде жасалуы мәселесіне аударылды. Әр азамат референдумға саналы қатысып, әр бапты зерделеуі қажет – бұл болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің мазмұнын жан-жақты талқылап, әр баптың қоғам дамуына ықпалын саралады.
Нұртас Қайролдаев