Ұлан ауданында ардагерлер кеңесінің IX есептік конференциясы өтті. Кездесуде қатысушылар соңғы бес жылдағы ұйым жұмысының қорытындысын шығарды. Жаңа Конституция жобасындағы ардагерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау мен ауданның қоғамдық өміріне қатысты өзге де тақырыптарды талқылады.
Ұлан ауданының Ардагерлер кеңесі аймақтың қоғамдық өміріне өз үлесін қосып, белсенді әрі жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Ұйым тек қана қарттарға қолдау көрсетіп қоймай, жастарға патриоттық тәрбие беру ісіменде атсалысады. Кеңес төрағасы Аймұхамет Бакимбаев соңғы 5 жылда атқарылған істердің бір сыпырасына тоқталды.
Аймұхамет Бакимбаев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Атап айтқанда, ауданымыздың 95 жылдығы, Қайсеновтың 105 жылдығы, Кеңес Одағының батырларының 100 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен тұспа тұс келді. Сол жылдарда барлық іс шаралардың басы қасында болды. Ардагерлер ұйымында 5925 адам тіркелген.
Есептік конференция жаңа Конституция жобасы бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысымен жалғасты. Аудан тұрғындарына елдің негізгі заңына енгізілетін өзгерістер егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Лұқбек Тумашинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бәріміз де күн астында жүрміз. Вице-президент деген лауазым ол ертең ауырып қалатын жағдай болғанда, Президенттің орнына сол қызметті атқарады. Ол керек, оны өздеріңіз біліп отырсыздар. (УБРАТЬ) Тағы бір өзгешелік, мен қазір Мәжіліс депутатымын ғой. Дауыс бергеннен кейін Мәжіліс Құрылтай деп аталады. Мәжіліс деген араб сөзі. Көптеген мемлкеттерде қолданылады. Бірақ өзіміздің төл сөзіміз Құрылтай деген сөз бар. Мұны біздің балаларымыз мыңдаған жылдар бойы хан, қаған болғалы жау шапқанда белсенділері жиналып, құрылтай құратын, құрылтай шақырылатын.
Жиынға қатысқандар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Ардагерлер кеңесі жергілікті бастамаларды қолдап, әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысатындарын жеткізді.
Қымбат Иманғали