Жаңа Конституция жобасы жай ғана құжат емес — елдің алдағы бағыты, қоғамның ертеңгі келбеті. Әр азаматтың көкейінде сан түрлі сауал туындауы заңдылық. Сол себепті аймақта ақпараттық-түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Ұсынылып отырған бастамалардың мазмұнын түсіндіру ғана емес, оны қоғаммен бірге талқылау қажет. Азаматтарға күрделі құқықтық терминдерден гөрі, өзгерістің мәні мен мағынасы маңызды. Алдағы өзгерістер – ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басу, мемлекеттік жүйені заманауи талаптарға бейімдеумен пара-пар. Сондықтан шешім қабылданар алдында жұртшылықтың пікірін тыңдау, олардың ойы мен ұсыныстарын ескеру аса маңызды.
Савелий Мужчиль, ЖОО оқытушысы:
Кездесудің мақсаты – елдегі қабылданғалы жатқан жаңа Конституция жобасы. Осы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жоба нормаларын кеңінен талқылау. Бұдан бөлек, қала тұрғындарынан да кері байланыс алу. Оларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мәні жан-жақты түсіндіріледі. Ұсынылып отырған өзгерістер 15 наурыз күні өтетін референдумда қабылдануы мүмкін.
Алдағы уақытта да ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіле бермек. Бұл жұмыстар халықты алдағы өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы кеңінен хабардар етуге бағытталады. Сонымен қатар азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарына ерекше назар аударылып, кері байланыс орнату басты назарда болмақ. Әрбір тұрғын өз сұрағын қойып, нақты жауап алу мүмкіндігіне ие. Бұл өз кезегінде қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтуға, қабылданатын шешімдердің түсінікті әрі айқын болуына ықпал етеді.
Сая Жарасқысы