Өткен жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігің жүргізген шаралары нәтижесінде елде жалақы бойынша берешек 92 пайызға қысқартылды, 62,8 сыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды, өндірістік жарақаттану деңгейі 4,5 пайызға, өлім-жітім 6,9 пайызға төмендеді. Бұл туралы 24 ақпан күні өткен министрліктің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Сала басшылары қатысқан жиында ведомствоның өткен жылғы жұмысы сараланып, алдағы жоспары пысықталды.

Алқа отырысында халықты тұрақты жұмыспен қамту, еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі жүйесін нығайту сынды нақты салаларға басымдық берілді. Бұл ретте еңбек қатынастарын цифрландыру, бірыңғай цифрлық платформа қалыптастыру бүгінгі күн талабы екендігі де сөз болды. Бұдан бөлек тәуекелдер картасындағы болжамды тәуекелі бар кәсіпорындармен жұмыс жүргізу қажет екендігі айтылды.

Бақытбек Қизатов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы:

Ең негізгі бағыт министрліктің еңбек қатынастары, еңбек нарығын , екбекті қорғау консепциясын жүзеге асыру. Біздің облыста өткен жылы 143 адам өндірісте жарақат алды. Соның ішінде 14 өліммен аяқталып, 74 ауыр жағдаймен аяқталды. Ал биылғы январь айындағы көрсеткіштер жазатайым оқиғалар саны 7 болған, өліммен аяқталғаны жоқ. Басты мақсат 2026 жылы осы өндірістегі жазатайым оқиғалардың болуына бақылау жасап, санын азайту. Өндірістерде жаңа тәсілдерді енгіздіру.

Сонымен қатар жазатайым оқиғаларды сақтандыру жұмыстарын күшейту керек. Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. Бұл заңмен реттеледі. Сақтандыру төлемдері еңбекке қабілеттілікті жоғалтқанда, медициналық шығындарды өтегенде және өндірістік жарақат алғанда қызметкердің мүддесін қорғайды.

Әлия Карипова, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ ШҚОФ директорының орынбасары:

2005 жылы Қазақстан Республикасында қызметкерлерді міндетті сақтандыру туралы заң қабылданды. Бұл жұмыс беруші мен жалдамалы қызметкерлер арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін келісім. Негізгі мақсаты – қызметкерлердің мүліктік мүдделерін қорғау. Өндірісте жазатайым оқиға орын алған жағдайда сақтандыру өтемі қарастырылады. Қамту деңгейі алдыңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда артқан. Мысалы, 5 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда қазіргі таңда кәсіпорындарды қамту деңгейі жоғарылаған.

Еңбек қатынастарының ашық әрі әділ құрылуы, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктермен қамтылуы олардың болашаққа деген сенімін арттырады. Ал көрсеткіштердің жақсаруы бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Салтанат Кеңесбекқызы