19 қаңтар күні православ христиандары – шоқыну мересін атап өтті. Аймақ бойынша бұл мереке түнінде 8000-нан астам адам суға түскен. Оның 500-і бала. Рәсім өткізу үшін облыс бойынша алдын ала 17 орын дайындалған екен. Дәстүрлі наным-сенім мерекесі жайлы келесі бейнематериалда...
Мерекені тойлауға жиналған жұртшылықтың қарасы қалың. Жыл сайын әдеттегідей қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні Православ христиандары суға шомылып, бұлақтан таза су алады. Рәсімге келгендер жауапты мамандардың жіті бақылауында болды. Шіркеу қызметкері мейраммен құттықтап, ақ жарма тілегін айтты.
Бұл күні қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 200 құтқарушы мен 52 бірлік техника жұмылдырылды. Медицина қызметкерлері мұндай суық кезеңде созылмалы аурулары бар азаматтарға суға түсу қауіпті екенін айтты. Шомылу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары, құтқарушылар және жедел жәрдем қызметкерлері кезекшілік етті.