1993 жылы 19 қаңтарда ел Президентінің Жарлығымен Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарда командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары институты құрылған болатын. Сол күннен бастап офицер-тәрбиешілер әскери құрылымдардың ажырамас бөлігіне айналды.
Азамат Жұмағазиев «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарсы лауазымында. Әскери қызметші бөлімдегі тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, бөлімшелердегі моральдық-психологиялық жағдайды арттыру жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Ал әскери бөлімнің бірінші мотоатқыштар батальоны командирінің тәрбие және идеологилық жұмыстар жөніндегі орынбасары Сырым Ақтаев жыл сайын әскер қатарына келген сарбаздардың патриоттық рухын қалыптастыруға сүбелі үлес қосып жүрген жан.
Тәрбие құрылымдарының офицерлері бөлімдер мен бөлімшелердегі күнделікті өмірді ұйымдастырумен қатар мәдени-ағарту жұмысын жүргізеді. Жауынгерлердің рухын пен ұжымның тұтастығын нығайтуға арналған шараларды да ұйымдастырады.