Негізгі Жаңалықтар «Өскемен ретрофестивалі»

«Өскемен ретрофестивалі»

Облыс орталығында өткен мен бүгінді тоғыстырған ерекше мереке өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары ретро дәуірдің атмосферасын сезініп, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраны дәріптеген фестивальдің куәсі болды. Дәстүр мен тарихқа тағзым еткен тағылымды шара туралы келесі бейнематериалда.

Өскемен тұрғындары бұл жарқын шараға бес жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Биыл да ретро фестиваль аясында көпшілікке арналған мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылды. Келушілер ретроавтомобильдер көрмесін тамашалап, түрлі фотозоналарда естелік суретке түсуге мүмкіндік алды. Ал интерактивті ойындар мен отбасылық көңіл көтеру шаралары мерекенің сәнін келтірді.

Амина Құрманжанқызы, Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Жыл сайын қала тұрғындары 80-90 жылдағы атмосфераны сезіну үшін ретро фестивалге келеді. Жалпы қала күніне орай 54 мерекелік іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Осы бағдарламадағы 3 күнге тұспа тұс келіп тұр. Қала тұрғынлары өз еркімен түрлі ретро автокөліктер мен интерактивті ойындар қояды. Бұл ретро фестивалге 5 жыл сайын ерікті тұрде белсенді қатысады. 

Ретро фестивалде көпшіліктің назарын аударған жарқын сәттердің бірі – көне көліктер көрмесі. Мұнда әр автомобильдің өзіндік тарихы бар. Мәселен, көрмеге қойылған «Волга» көлігіне алпыс жылға жуықтаған. Соған қарамастан, техникалық жағдайы жақсы сақталған. Көліктің осы қалпын сақтап, баптап отырған – Сергей Кузнецов.

Сергей Кузнецов, қала тұрғыны:

Демалыс күндері көлік жүріссіз тұрып қалмас үшін далаға шығарып, жүргізіп тұрамын. Көлікке дұрыс күтім жасалса, ұзақ жыл қызмет етеді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл көлік гаражда сақталады. Үнемі жуып, күтіп ұстаймын. Жалпы, дұрыс күтім болса, мұндай көлік әлі де ұзақ уақыт жүреді.

Фестиваль қатысушылары да шараға тыңғылықты дайындалған. Әрқайсысы сол дәуірдің сәнін айшықтайтын киімдер мен бұйымдарды ала келіп, ретро атмосферасын барынша сезіндіруге тырысқан.

Өткен дәуірге саяхат жасағандай әсер қалдырған фестивальге жиналған жұрттың қарасы қалың. Көне көліктер мен сол кезеңнің сәнін дәріптеген сән үлгілері көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады. Ретроға деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқаны да осыдан аңғарылады.

Нұртас Қайролдаев

Бөлісу

Аймақтық телеарналар