Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан халық партиясы өкілдері жастармен кездесу өткізді. Қазыналы қарттар өткенін еске алып, бүгінгі буынға ақыл-кеңестерін айтты. Бұдан бөлек, ардагерлердің есімі ұлықталып, олардың ерлігі жайлы ақпарат көпшілік назарына ұсынылды. Партия өкілдері өскелең ұрпақты өз Отанының патриоты болуға шақырды.
Мұндай шаралар жастардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыруға, олардың Отанға, жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға сеп болады, дейді ардагерлер қауымы.
Қазақстан халық партиясы мерейтойды атап өтуге арналған кешенді жоспар әзірлеген. Жоспар аясында қайырымдылық шаралары мен концерттік бағдарламалар, ескерткіштерді абаттандыру жұмыстары, спорттық сайыстарды ұйымдастыру көзделген.
Көненің көзі болып жүрген ақсақалдар батыр бабаларымыздың ерен ерлігі қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге,дейді.
Шара соңында жастар қауымы батырлар жайында дайындағын ақпараттарымен бөлісіп, әуезді ән шырқады.