«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аймақтағы ең нәтижелі бағдарламаның бірі. Бастау алған уақыттан бері мыңдаған отбасын баспанамен қамтыды. Көпбалалы, әлеуметтік осал санатқа жататын жанұяларға басымдық беріледі. Іргелі жоба Күршімде қарқынды. Биыл аудан орталығында 6 үй салынды.
«Бірқабатты Шығыстың» қай ауданның инфрақұрылым саласы үшін де берері мол. Қолжетімді пәтер, ыңғайлы тұрғын аудан қарастырылған. Жалпы, Күршім ауданында биыл өңірлік бағдарлама бойынша 10 елді мекенде 28 тұрғын үй салынуда. Ең көбі Күршім және Сарыөлең ауылдарында. Айта кетейік, Күршімдегі тұралап қалған үйлер құрылысы да биыл толық аяқталды. Бұған дейін төрт жыл бұрын салынған үйлер бойынша жобаны іске асыру барысында инженерлік желілерді жүргізуде жобада қателіктер болған еді. Енді олқылық орыны толтырылып, үйлер пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, Бірлік, Теректібұлақ, Бурабай, Қаратоғай ауылдарында екі-екіден, Барақ батыр мен Құйған ауылында үш үйден берілмек. Қойтас және Алғабас ауылдарында бір үйден салынып жатыр. Барлық үйлер сатып алынды.