Жұмысшы мамандықтарды насихаттау, олардың мәртебесін арттыру мақсатында Алтай ауданында жастармен кездесу өтті. Шарада еңбек ардагерлері тәжірибелерімен бөлісіп, кеңестерін айтты. Мақсат - жұмысшы мамандығының, қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін көтеру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін арттырудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осыған байланысты аймақта ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Алтай ауданында өткен шараның мақсаты – еңбек адамдарының қызмет жолын жастарға насихаттау. Малеев кенішінің жер асты тазарту жұмыстары учаскесінің басшысы Рустам Азмунның айтуынша, жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істейтін мамандар қашанда сұранысқа ие.
Жиында заманауи технологияларды жетік меңгеру қажеттілігі де айтылды.Жиынға қатысқан студенттер мамандық таңдау туралы ой бөлісті. Жастардың бір бөлігі ата кәсіпті жалғауды көздесе, енді бірі жүрек қалауын тыңдаған. Мәселен, 4-курс студенті Мейрамбек Алтынбеков отбасылық дәстүрді жалғастыруға ниетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша жұмысшы мамандықтардың әлеуетін арттырады.