Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өткен жылды қорытындылады. Облыста 2023-2025 жылдарға арналған экологиялық проблемаларды кешенді шешу бойынша «Жол картасы» қабылданған. Осы мақсатта аймақта түрлі жобалар іске асуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов айтты.

Аймақта экологиялық жағдайды тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда. Қоршаған ортаны қорғауға облыстық бюджеттен 11 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінген. Ал, атмосфералық ауаны қорғауға 1,4 млрд. теңге қарастырылған.

Бұдан бөлек, балық шаруашылығын дамыту үшін 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2000 тонна балық өсірілді. Жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 2302 тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Басқарма мамандары елді мекемендерді көгалдандыру бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

Өткен жылы экологиялық реттеу бөлімінде 173 қоғамдық тыңдау өтті. Алдағы уақытта да экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасын таппақ.