Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде алты мәселе қаралды. 2024 жылғы мемлекеттік органдарда жүргізілген тексеріс қорытындысы талқыға түсті.Бұдан бөлек Самар және Зайсан аудандарындағы мемлекеттік қызметкерлерге қатысты іс қаралып, шешім шығарылды.

Жиында өңірдегі мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды. Алдымен, 2024 жылғы 18 желтоқсандағы Әдеп жөніндегі кеңес ұсынымдарының орындалуы туралы ақпарат тыңдалады. Кейін, Әдеп жөніндегі уәкіл Мира Беккужина мемлекеттік қызметтегі заң бұзушылықтарды алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға есеп берді. Оның сөзінше, 2023 жылмен салыстырғанда әдеп нормаларын бұзу дерегі 2024 жылы төмендеген.

Кеңесте мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссия жұмысына қорытынды жасалды. Бұл бағытта атқарылған шаралар нәтижесінде заңбұзушылық көрсеткіші төмендеген.

Жиында Зайсан ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Қайрақбаев пен Самар ауылдық округінің әкімі Марат Дюсуповке қатысты тәртіптік істер қаралды. Аталған азаматтардың қызметтік міндеттерін орындауда заң бұзушылықтарға жол бергені анықталған. Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен екі қызметшігеде "қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілерге бекітілген заң талаптары мен әдеп қағидаларын қатаң сақтауға шақырды.Әрі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау керектігін тағы бір мәрте еске салды.