Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі, графика шебері, суретші Василий Бильковтың «Мәтін және бейне» атты жеке көрмесі ашылды. Василий Бильковтың жеке көрмесі өнерді жіті түсініп, оның құдіреттілігін жанымен түсіне білетін адамдар үшін көптен күткен ерекше шараның бірі. Сол себепті болар автор әр көрме сайын өз көрермендерін қуантуға тырысады.

 «Мәтін және бейне» көрмесін тамашалаушылар қандайда бір оқиға желісінің кейіпкеріне айналып, қайнаған тірліктің дәл ортасынан табылады. Суретшінің әр жұмысы жұмбаққа толы. Ал оның жауабы қандай екендігін әркім өзінше топшылайды.

 «Мәтін және кескін» көрмесінде суретші Василий Бильковтың мәтінмен толықтырылған графикалық композициялары, фотосуреттері, пейзаждары қойылған.

Суретшінің графикалық жұмыстары көрмеге келушілердің ерекше назарын аударды.

Көрмені ұйымдастырушылардың айтуы бойынша суретші өз көрермендерін әлі де талай қызықты туындыларымен қуантпақ ойда. Бұл уақыт еншісінде.