Шығыс Қазақстан облысында қазір екінші дүниежүзі соғысына қатысқан қазір 13 ардагер тұрады. Биыл ұлы жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай олардың әрққайсына облыс бюджжетінен 5 миллион теңгеден бір реттік жәрдемқаы беріледі. Ал оларға теңестірліген 4641 тыл ардагері 50 мыңнан 100 мың теңге аралығында көмек алады. Оған қоса өңірдегі сауықтыру-шипажайлары мен демалыс орындарына тегін жолдама берілілп жатыр. Аймақта жеңіс меркесін тойлаудың жоба-жоспары бекітілді. «Айбын» өңірлік әскери-патриоттық жиыны, «Жеңіс алауы» марафоны, «Шам жағу», «Ардағым - ардагерім» волонтерлер акциясы өтеді.