Темір жол – ел экономикасының күретамыры. Күн сайын мыңдаған жүк және жолаушылар пойыздары жолға шығады. Бірақ олардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін мамандардың бірі – вагон жөндеушілер. Осы салада қажырлы еңбек етіп жүрген мамандар жұмысының қыр-сырымен әріптестеріміз де танысып қайтты.

Бұл – вагон жөндеу депосы. Күн сайын мұнда жүк және жолаушылар вагондары техникалық тексерістен өтеді. Вагон жөндеушілер – пойыздардың техникалық жай-күйіне жауапты мамандар. Олардың еңбегі – көзге көрінбейтін, бірақ темір жол қауіпсіздігі үшін аса маңызды жұмыс. Қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мыңдаған адамдар мен жүк көліктерінің амандығын қамтамасыз етеді.

Әрбір вагонның асты арнайы құрылғылармен зерттеледі. Көзге көрінбейтін, бірақ ұсақ ақаулар осылайша анықталады. Жөндеуден кейін әр вагон сынақтан өтеді. Егер барлық параметрлер нормаға сай болса, ол қайтадан сапарға шығады.

Егер вагонның металл бөлшектері зақымданса, олар арнайы дәнекерлеу әдісімен қалпына келтіріледі. Бұл процесс жоғары дәлдікті талап етеді, өйткені сапасыз жұмыс пойыздың қозғалысына кері әсер етуі мүмкін. Жөндеу жұмыстары алдымен визуалды тексеруден басталады. Инженерлер мен шеберлер әрбір бөлшекті мұқият қарап, тозған немесе ақаулы жерлерді анықтайды. Осындай жанкешті еңбектің арқасында мыңдаған пойыздар уақытылы жүріп тұрады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік –теміржолдағы жылжымалы құрамға техникалық көмек көрсетумен айналысады. Мекемеде қызмет атқаратын 200-ден астам маман бар.

Цехта қызмет ететін әрбір маманның еңбегі орасан зор. Бұл жерде түрлі процесс жүзеге асады. Алдағы уақытта цехты кеңейтіп, жұмысшыларға жағдай жасау жоспарда тұр.