Жұмысшы мамандықтар жылы аясында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы «КЭМОНТ» АҚ орталығына барып, қызметкерлерді тегін медициналық тексерістен өткізді. Алғаш рет ұйымдастырылған шарада 70-ке жуық жұмысшы дәрігер қабылдауынан өте алды.
Өскемен көшелерінің жарық болуын қамтамасыз ететін кәсіпорында 240 маман жұмыс істейді. Мұндағы әр қызметкер ұзақ жылдар бойы осы салада жүрген азаматтар. Ел экономикасының әлеуетін арттыруда қарапайым еңбек адамдарының үлесі зор. Соған байланысты, әр жүктелген міндетті іске асыруда қауіпсіздік шараларына бас назар аударып, денсаулықтарымызға да үнемі көңіл бөліп отырамыз, дейді.
Қаланы тұрақты әрі сапалы жарықпен қамтамасыз етіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін бұл мамандар күні-түні тынбай еңбек етеді. Тиісінше әрине, мұндай жағдайда барлық дәрігердің қабылдауынан бір күнде өту мүмкіндіктері де болмайды. Ал, бұл бастама жұмысшы мамандақтар иелеріне үлкен қолдау. Себебі, шара аясында олар онколог, маммолог, уролог, кардиолог, травматолог сияқты дәрігерлердің жеке қабылдауынан өте алды.
Кәсіпорында қызметкерлер үшін бар жағдай жасалған. Білікті медбике де үнемі жұмысшылардың жанынан табылады. Жұмыстың шарты бойынша әр қызметкер күнделікті медбикенің қабылдауында болып, жұмысына кіріседі.
Бұл игі бастама жұмысшы мамандықтар жылы аясында басқада кәсіпорындарда өз жалғасын таппақ.