Облыс орталығында атом электр станцияларына қажетті уран таблеткалары өндіріледі. Бұл зауыт Орталық Азиядағы ядролық отын өндірісін жолға қойған ірі кәсіпорындардың бірі саналады. Арна тілшілері кәсіпорынға барып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Мұрат Көржіспаев - жылу бөлетін элементтер, яғни ТВЭЛ аппаратшысы. Оның еңбек жолы металлургия саласынан бастау алады. Кейін атом энергетикасы бағытында қызмет етеді. Қазіргі уақытта Мұрат Көржіспаев гамма-сканермен жұмыс істейді. Құралдың жұмыс істеу принципі компьютерлік томографқа ұқсас. Бұл жабдықпен жұмыс істеу кез-келген азаматтың қолынан келе бермейді.
Мұрат Көржіспаев дайын болған жылу бөлгіш элементтерді арнайы орындарға тасмалдауды да жүзеге асырады.Ал ол үшін электр тиегіш қолданылады.
Ал жас мамандар үшін Мұрат Көржіспаев тек тәжірибелі әріптес қана емес, нағыз ұстазға айналған. Жұмысына деген адалдығы мен жауапкершілігі арқылы ол айналасындағыларға үлгі бола білді.
Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі.Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруы тиіс, дейді Мұрат Көржіспаев.