Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті есірткіге қарсы күрес жэұмыстарын күшейтті. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары 25 құқық бұзушылық әрекетін анықтап, заңсыз айналымнан 3 кг жуық әртүрлі есірткі құралдары тәркілеген.

ПД мәліметінше, өңірде есірткіге қарсы 50-ден астам шара өткен. Тұрғындарды ақапараттандыру жұмыстары да күшейтілген.

ҚР Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» аясында жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша жұмыстар жалғасатынын айтқан болатын. Ал аймақтағы Полиция департаментінің қызметкерлері өңір жастарымен кездесу өткізіп, оларды салауатты өмір салтына ұстануға шақырды.