Елімізде шопан мен сиыршы тапшы.Тіпті кейбір шаруашылықтар қазір 300-400 мың теңге еңбекақыға малшы таппай отыр. Салдарынан мал басын азайтып, жауып жатқандар да бар. Сондықтан шаруалар бұл кәсіп иелеріне ерекше мәртебе беруді ұсынып отыр.
Сол даланы байыс қойына толтыру үшін Жеңісбек Кәрібаев байыз таппай еңбек етіп жүр. Жасы сексенге жетсе де, әлі таяғын тастамай келеді. Асыл тұқымды бұл қойдың басын 10 мыңға жеткізуге мақсат қойған. Алайда соңғы үш жылда күрт азайтуға мәжбүр болады. Басты себеп шопан жоқ.
Келген күннің өзінде көп тұрақтамайды. Көбісі қара жұмыс пен ауа райына төзбейді. Жұмабаек Ақай отбасымен жеке шаруашылықтың сиырын жайып жүргеніне 13 жыл болған. Еңбекақысы да тұрақты. Ең тиімді тұсы өзінің малына да жем-шөп осы шаруашылық есебінен.
Қазақтың ақбас сиырын асырап отырған - Дәулетбек Мықиянов жұмысшы мамандығы жылына орай шопан мен бақташыға арнайы мәртебе берілсе, дейді.
Туындаған мәселені түре шешу әр шаруашылықтың өзіне байланысты. Бірақ шаруалар төрт түліктің соңында жүрген малшыға мемлекет те мүдделі болуын қалайды. Бір қызығы жалпы бұл салаға қанша адам жетіспейтіні жөнінде нақты ақпарат жоқ.