Облыс орталығында Зайсан ауданына қарасты Айнабұлақ ауылдық округі әкімдігі волейбол турнирі ұйымдастырды. Доп додасы жыл басынан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келді. Бұл жолғы сынға 12 ауылық округтен келген 120 спортшы өзара кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы ойынды әріптестерімде тамашалап қайтты.

Зайсан ауданының волейболдан лига жарысы спорт мерекесіне айналды. Шараны ұйымдастыруға ат салысып жүрген Рүстем Қыдырбаевтың айтуынша, ойын тартысты өтті.

Жарысқа қатысушылардың волейболға деген қызығушылықтары жоғары. Жылдан жылға спорттың бұл түрімен айналысатындар көбейіп келеді, дейді ардагер спортшы.

Турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен кәсіпкерлер мен спортқа еңбек сіңірген ардагерлерге Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі Әділ Қаламовтың алғыс хаты табысталды.

Жарысқа қатысушылар қызу дайындықпен келген. Жеңісті қолдан бермек емес.

Бұқаралық спортты дамыту ісі Зайсанда қарқынды. Аудандағы салалық бөлім өкілдері бірінші кезекте халық денінің саулығына, жас спортшыларды қолдауға ден қойып отыр.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Шілікті ауылының құрамасы қанжығасына байласа, екінші орынды Зайсан жігіттері иеленді. Ал, үшінші орын Айнабұлақ ауылының құрамасына бұйырды.