Елде интернет алаяқтықтың саны артқан. Осылайша ақпараттық технология жетістігін теріс мақсатқа пайдаланып, қараша халықтың қалтасына түсетіндер көбейген. Тәртіп сақшылары ұсынған мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері өңірде қылмыстың осы түріне қатысты 200-ден астам іс анықталған. Әлеуметтік желіні жайлаған алаяқтар көпшілікті, аз қаржы салып еселеп пайда табуға болатын жалған ұсыныстарымен тұзаққа түсірген. Ішкі істер органдары интернет алаяқтыққа қарсы қандай шараларды қолға алуда? Әріптесім тарқатсын.
Иа, қоғамның дертіне айналған интернет алаяқтыққа тосқауыл болмай тұр. Қаскөйлер қаражатты қолды қылуға түрлі әдіс-тәсілдерді де ойлап табуда. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ ШҚОФ төрағасы Қорлан Туғамбаевада алаяқтардың арбауына түсіп, дер кезінде полиция қызметкерлеріне жүгінген.
Қазіргі ақпарат заманында кез-келген дерек тексерілуі қажет. Тәртіп сақшылары күн-түн демей халықтың қауіпсіздігін қадағалауда. Ол үшін тіпті облыста арнайы бөлім құрылған. Мұнда полиция қызметкерлері қылмысты болдырмау мақсатында жедел алдын алу шараларын да жиі ұйымдастырып отырады.
Қазіргі уақытта интернет арқылы алдау-арбау әдісі түрленген дейді құқық қорғау органдарының өкілі. Тәртіп сақшылары тұрғындардың сақ болып, күмәнді қоңырау мен хабарламаларға алданып қалмау үшін ақпаратты нақтылауды ескертеді.