ҚР ІІМ елде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жұмысын күшейтті. Мақсат - құқық бұзушылықтардың алдын алу. Президент пәрменін жүзеге асыру үшін өңірдегі тәртіп сақшылары тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. ҚР ІІМ жариялаған профилактика жылы аясында 18-21 ақпан аралығында республика аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы өтеді.
Шараның мақсаты - жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бекітілген талапты елемегендерді анықтау.
 «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы аясында тәртіп сақшылары білім ошақтарына барып, мектеп оқушыларына жолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Жол ережелерін сақтап, апаттың алдын алу – әрбір жүргізушінің міндеті. Сол себептен тәртіп сақшылары көлік тізгіндеген азаматтарға жол ережесін бұзбауға және бекітілген жылдамдықты сақтауға шақырады.