Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында Шығыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде ТЖД құтқарушылары сейсмикалық оқу-жаттығу өткізді. Шараның мақсаты – суденттердің дайындық деңгейін арттыру. Құтқарушылар жастарға апат кезіндегі эвакуациялау жолы, қауіпсіз жерлерді алдын-ала анықтау жайын түсіндірді.Бұдан бөлек, мамандар оларға ең бастысы сасқалақтамай, мұндай жағдайда барынша сабырлы болу қажеттігін ескертті.
ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері студенттерге жер сілкінісі кезінде жиі кездесетін қателіктер жайлы айтылды. Дабыл жүйесі іске қосылған сәтте студенттер мен оқытушылар ереже бойынша әрекет етті. Бірінші кезекте эвакуациялау тетіктері пысықталды. Кейін азаматтар ғимарат сыртына шықты.
Төтенше жағдайлар департаменті жаттығудың мақсаты – жер сілкінісі қаупі мен зілзала кезіндегі халықтың дайындық деңгейін арттыру, - дейді.