Аймақта жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында екпе салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.Өткен жылы дәрігерлер вакцинациялау жұмысы аясында дертке шалдығу көрсеткіші төмендегенін де айтады. Биыл бұл жұмыс жалғасын табады. Қазіргі таңда аймақтағы ахуал қандай? .

Қазіргі таңда аймақта балалар арасында жұқпалы аурулардың таралуын алдын алу мақсатында екпе салу науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Себебі, кез-келген дерттің таралуын тоқтатудың ең тиімді тәсілі – жаппай вакцина салу, қоғамдық иммунитет қалыптастыру.

Бүгінгі таңда жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу - бұл патологияның пайда болуын болдырмаудың ең тиімді және қауіпсіз әдісі. Екпе салу бекітілген күнтізбеге сәйкес тегін жүргізіледі.