Аймақта «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы басталды. Мақсат – жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Осыған байланысты республикалық және жергілікті маңызы бар тасжолдардың ерекше апатты учаскелерді бақылау күшейтіледі.

Жедел алдын-алу шарасының бірінші күнінің қорытындысы бойынша аумақтық полиция бөлімшелері 625 құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде автокөлікті мас күйінде басқарған 9 жүргізуші ұсталды. 45 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Сондай-ақ, 162 жаяу жүргінші мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Аталған шара 21 ақпанға дейін жалғасады.