Былтырдан бері елде мектеп, колледж және кәсіпорын арасында үш жақты келісімге сәйкес, нақты бағдар бойынша кадр даярлау басталды. Нәтижесінде диплом алған жас маманға жұмыс дайын болады. Ол үшін өңірдегі оқу орындарына дуалды оқыту жүйесіне көшу жөніндегі талап күшейді. Ал қазір аймақтағы алыс ауылдарда механизатор, жүк тасушы, малшы мен ветеринар жетіспейді. Тіпті біренеше елдімекеннің мыңдаған малына бір мал дәрігері ғана ем-дом жасайды.
Мал дәгерінің міндеті төрт түліктен жылына екі рет қанын алып, вакцина салу. Айтуға оңай болғанмен машақты көп қызмет. Өйткені әр малдан алынған қанды нөмірленген жеке құтыға құйып,ережеге сай сақтап, зертханаға дұрыс жеткізу ветеринардың жауапкершілігінде.
Тиянақ Қайыркелдіұлы Зайсандағы колледжден ветеринария мамандығын оқып, диплом алған бойда қызметке тұрды. Жалақысы аз болса да, қазір өз ауылында еңбек етіп жүр.
Зайсан технологиялық колледжі сегіз түрлі мамандық даярлайды. Былтырдан бастап студенттерді аудандағы мекемелердің тапсырсы бойынша әріптестік негізде оқытып жатыр. Нәтижесінде диплом алған жас маман бірден жұмысқа орналасады.
Жас маман диплом алған соң жұмыссыз қалмас үшін колледждерге дуалды оқыту әдістемесі міндеттеліп жатыр.Бұл жүйенің тиімділігі жоғарғы курс студенттері оқи жүріп, жұмыс істеп еңбекақы алады. Қазір өңірдегі 38 колледжде 44 мамандық бойынша 20 мың студент оқып жүр. 448 кәсіпорынмен әріптестік меморандум жасалып, 5000 студент дуалды оқумен қамтылған. Олар шәкіртақының сыртында ай сайын 100-200 мың теңге еңбекақы алады.
Былтырдан бері әр колледжде құзыреттілік орталықтары ашылып жатыр. Ол орталықтағы мамандар әр студенттің сапалы білім алуын қадағалап, жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі.