+870 деп басталатын нөмірден телефоныңызға қоңырау шалса, жауап беруге асықпаңыз. Себебеі, алаяқтар қылмыстың жаңа түрін ойлап тапқан. Қаскөйлер өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректеріңізге қол жеткізуі мүмкін. Интернет алаяқтықтың жаңа түрінен қорғанудың жолдарын әріптесім тарқатсын.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мамандары бұл кодтардың теңізде, әуеде және шалғай аймақтарда қолданылатын анықтаған. Алайда алаяқтар осы нөмірлердің Қазақстандық нөмірлерге ұқсастығын пайдаланып, тұрғындарды алдауға көшкен. Әзірге, Өскемен қаласында мұндай дерек тіркелмеген.
Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген қаскөйлер азаматтарды алдап-арбаудың тәсілін күн сайын өзгертуде. Сондықтан тәртіп сақшылары түсіндірме жұмыстарын қарқынды жүргізудеміз, дейді.
Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның өзекті мәселелесіне айналды. Полиция департаменті өңір тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады.