Өскемен қаласындағы №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайының ұжымы Алғыс айту күніне орай жарты ғасырлық еңбек өтілі бар ардагер ұстаз Майра Баймұханқызына ерекше құрмет көрсетті. Шараның мақсаты- бүлдіршіндерге адал еңбекті бағалап, алғыс білдірудің маңызын түсіндіру.
Ұстаздарға көрсетілген құрмет бүлдіршіндердің санасына үлкендерді қадірлеу, еңбекті бағалау секілді құндылықтарды сіңірді. Алғыс айту күні –мейірім мен қамқорлықтың, шынайы ризашылық білдірудің мерекесі.
Балалардың шынайы алғысы – мерекенің мәнін айқындай түскендей. Бұл күні тек бүлдіршіндер ғана емес, ұжымның барша қызметкерлері Майра Баймұханқызына ерекше ықылас білдірді. №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайының директоры Дина Орынбасарқызы алғаш жұмысқа орналасқанда жол көрсетер шамшырағы болған ұстазына арнап жүрекжарды өлеңін оқыды.
Майра Баймұханқызы – саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаз. Ол - «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР білім және ғылым қызметкерлері кәсіпордағының дамуына қосқан үлесі үшін» және «Ы.Алтынсарин» төсбелігісінің иегері. Сондай-ақ, «Құрмет» ордені табысталып, Өскемен қаласының Құрметті азаматы атанған. Оның еңбегі – өскелең ұрпаққа жол сілтер шамшырақ іспеттес.
Алғыс айту – тек ризашылық білдіру ғана емес, ұлттар бірлігін нығайтатын ерекше күн. Ал Майра Баймұханқызы сияқты жандарға құрмет көрсету – кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге.