Елде тарихи отанына оралуға ниетті этникалық қазақтарды қабылдау жұмыстары белсенді жүзеге асырлып келеді. Осы мақсатта «Ата жолы» картасы енгізілді. Жыл басталғалы шетелден тарихи Отанына оралған этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді. Бұл карта қандастарымызға елде 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық береді. Көші қон бағдарламасы аймақта қалай жүзеге асуда? Әріптесім айтсын.
Жалпы аймаққа көш түзеген қандастардың көбісі Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Ресей елдерінен көшіп келгендер. Солардың бірі-Ләмия Аулық. Ол 2023 жылы Моңғолиядан шығысқа қоныс аударған. Мемлекет көрсеткен қолдаудың арқасында грант ұтып алған. Бүгінде балаларға домбыра аспабын үйретеді.
Мемлекет саясатының игілігін кө¬ріп, туған жерге оралған отандастар бү¬гін-де ел демографиясы мен экономи¬ка¬сының дамуына үлес қосуда. Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Әскерхан Ақтай туған жерге қазық қаққан қазақтарға көрсетілетін көмек көп, дейді.
«Ата жолы» картасын алғандар Қазақстанда жұмысқа орналасып, медициналық қызмет ала алады. Бұдан бөлек кәсіпкерлікпен айналысып, арнайы және жоғары білім алуға, заңды тұрғыдан көмек алуға құқылы.
«Ата жолы» картасын алу жолын салалық министрлік жеңлдетуді көздеп отыр. Қазіргі таңда нақты шараларды іске асыру басталып кетті.Бұл бастама этникалық қазақтардың елге оралуын жеңілдетпек.