Биыл күллі мұсылман асыға күтетін Рамазан айы бірінші наурыздан басталады. Он екі айдың сұлтаны атанған мейрамда ораза 29 күнге жалғасады. Бұл уақытта адамдар жаман әдеттерден тыйылып, өздерін жақсылыққа бастайды. Ал, биыл пітір садақаның мөлшері қанша? Рамазан айында қандай қайрымды іс жасау керек? Осындай маңызды сұрақтарға Дін өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте айтылды.
Рамазан – Алланың рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы – Рамазан. Сондықтан, дін өкілдері киелі айда Рамазанның әр минутын Аллаға бойұсынып, ғибадатпен өткізуге шақырды.
Жылда дәстүрге айналған қайырымдылық шаралары биыл да жүзеге аспақ. Зекет және қайырымдылық қорының тарапынан «Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында екі пәтер өз иесін табады, дейді қор өкілі Берік Кәдіров.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы осы жылы алты мыңнан астам ауылдың ораза кестесін бекіткен, әр аймақ тұрғындары осы кесте бойынша құлшылық жасай алады.