Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта кәдеге жаратудың тиімді жолын Өскемендік сәнқойлар ұсынып отыр. Бұл шарада балалар «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен ұштастырған. Ерекше сән үлгілердің артықшылығымен біздің тілшіміз танысты.
«Қалдықтан жасалған сән үлгісі – 2025» балалар экологиялық конкурс-дефилесі екі номинациясы бойынша өтті. Алғашында балалар өзге ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін таныстырса, екінші бөлімінде ертегі кейіпкерлерінің образын көрсетті.
50-ден астам сайысқа қатысушы түрлі киімді қағаз, картон, полиэтилен, ПЭТ-бөтелкелер және тағы басқа бұйымдар арқылы жасаған. Ерекше коллекция жергілікті сәнгерлер мен экологтардың назарынан тыс қалмады.
Оқушылар осы заттарды көшелер мен аулалардағы қоқыс қалдықтарын қолдана отырып әзірлеген. Осылайша жас өрендер қатарластарын табиғатты таза ұстауға шақырады.