Аймақтағы мемлекеттік қызметшілер білімін жетілдірді. Күн тәртібіндегі басты тақырып - әдеп нормасын сақтау. Ашықтық, әділдік және сыпайылық. Бұл мемлекеттік қызметшілер сақтауы тиіс қарапайым талап. Ережені елемей кету жөн емес, себебі, мемлекеттік қызметші — мемлекеттің айнасы. Заңбұзушылықтың алдын алу мақсатында аймақтағы мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық орындардағы тәртіп мәселелері талқыланды. Құқық қорғау органдарының өкілдері заң талаптарын еске салды.
Бұдан бөлек, мамандар тәуелділікке әкелетін себептер мен оны алдын алу жолдарына тоқталды. Дәрігерлердің айтуынша, кез-келген зиянды әдеттен арылу – ұзақ әрі күрделі процесс. Бұл жағдайда тек медициналық көмек қана емес, психологиялық қолдау да маңызды рөл атқарады.
Шараны ұйымдастырушылар мемлекеттік қызметшілердің өмір салты мен қоғамдық тәртібі олардың кәсіби беделіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Әсіресе, мереке күндері заң бұзушылықтардың алдын алу үшін сақтық шараларын күшейту қажеттігі айтылды.