Күршім ауданында қарбыз маусымы қызу жүріп жатыр. Тіл үйірер тәттілігімен танымал бақша өнімі бүгінде бұл өңірдің брендіне айналған. Биыл аудан шаруалары 500 гектарға бақша дақылдарын еккен. Шілденің соңында алғашқы өнім Өскеменге жеткізілмек. Әріптесім Қымбат Иманғали қарбыз алқабына барып қайтты.
Күршім десе, қып-қызыл боп піскен қарбызы елестейді. Жұрт аттай қалап, пышақ үстінен талап әкететін бұл көкөніс – осы өңірдің бренді. Қазір фермерлер үшін - нағыз қарбалас кезең. Биыл Күршім ауданының шаруалары 500 гектар жерге бақша өнімдерін еккен. Өңірдегі жиырма жылдық тәжірибесі бар бағбанның бірі - Базарбай Шарапиев.
Базарбай Шарапиев, шаруа:
Биыл үш жарым га ектік, қауын бар ар жағында жарты га. трактормен жауып аламыз целофанды. Жапқыш істеп аламыз. Пистолет деген болады. Мынандай труба,ұзын. Сонымен егеміз.
Құмдауыт жерде өскендіктен қарбыздың дәмі де ерекше болады. Оның әлемде бес жүзден аса түрі кездессе, жергілікті бағбандардың егіп жүргені «Кримсон свит» деп аталатын нидерландық сұрпы. Тасымалдауға төзімді, зиянкестерден таралатын вирусқа қарсы тұратын қасиеті бар.
Базарбай Шарапиев, шаруа:
Биыл салқын болды да, жайырақ болып қалды. Жалпы қандай ауа райын қажет етеді. Ыстық ауа райын қажет етеді, ыстық болу керек.
Бұл көкөніс ерекше күтімді қажет етеді. Аптасына бір суарып, арам шөптерден арылтып отырмаса, еңбек еш кетті дей беріңіз.
Шаруа биыл ауа райы қолайлы болса жүз елу тоннадан артық өнім жинамақ.
Базарбай Шарапиев, шаруа:
Піскен піспегенін мына қарбыздың жанында кішкентай жапырағы болады. Сол қурайды. Мұртшасы қураған кезде мүлдем тәтті болады.
Жерге қанша дән ексең, сонша тер төгу керек екенін кейіпкеріміздің ұлы Аян да жақсы біледі. Себебі бала күнінен қолына күрек ұстап жаз айларында жатпай тынбай еңбек етіп келеді.
Аян Шарапиев, шаруа:
Төртінші сыныптан бастап қарбыз егуге көмектестім. Жағдайымызды осы кәсіппен жасап келеміз тәубә. Шыққан түйініне байланысты. Жаңа көрдіңіз, гүлдеп тұр ғой, оның бәрі шыға бермейді.алғаш шыққан екі үшеуі жердің құнарлығына байланысты бір түптен үшеу шықса негізі екеуін қалдыруға тырысамыз.
Ал піскен қарбызды қалай таңдаған дұрыс?Мамандардың айтуынша, қабығының түсі қанық, сабағы сарғыш, көтергенде салмағы басым –піскенінің белгісі.
Аян Шарапиев, шаруа:
Қысып көрсеңіз болды ішін. Былай қыссаңыз тырс деген дауыс шығарса пысып тұр деген сөз. – олай болса мына қарбыздың дәмін көрейік. Сіз де көріңіз дәмін. Нағыз мамонротондедомнебабаберсез. Мен шин шөлдегенде таптырмас дәм.
Жаз бойы ащы терін аямай төккен диқандар күзде еңбегінің нәтижесін көреді. Тамыз айының басында қарбыз тиелген алғашқы көліктер Өскеменге бет алады.
Қымбат Иманғалиева