Аймақта орман өрттерінің алдын алу мақсатында 52 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері полиция қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, 592-ге жуық рейд жүргізген. Нәтижесінде, бекітілген талапты елемей, ережелерін бұзған 75 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендерде 55 өрт сөндіру бекеті мен 9 ерікті топ құрылған. Мүдделі ұйымдар қызыл жалынның таралуына жол бермеу үшін минералданған жолақтар мен айналма жолдарды салу және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда олардың жалпы ұзындығы 1720 шақырымды құрайды. Бұл жоспарланған 2068 шақырымның бір бөлігі.

МЕДЕТ МҰҚАШЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Облыс аумағында ауа-райының күрт сууына байланысты аса қауіпті өрт кезеңі белгіленген.... Ұшу аппараттарын қолданады, рейдттік шаралар жүргізеді.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарының иелерімен түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Саяжайда демалушылар үшін де арнайы түсіндірме жұмыстары мен ақпараттық материалдар дайындалған.


Фатима Тілейханқызы