Биыл облыс орталығында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында шағын аудандар жаңа кейіпке енеді. Бастаманы іске асыруға 1 млрд. астам қаржы бөлінген. Бағдарлама шеңберінде 16 аула абаттандырылып, 16 балалар және 9 спорт алаңы салынды. Бұл туралы Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Абзал Мәулетханов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Облыс орталығында шағын аудандарды абаттандыру жұмыстары жемісті іске асырылып келеді. Қазірдің өзінде 37 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, Көпқабатты үйлер ауласындағы ішкі өтпе жолдарды ретке келтіру, автотұрақтарды кеңейту үшін қосымша 400 млн. теңге бөлінді.

Абзал Мәулетханов, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

Биылғы жылда бұл жұмысқа 1млд.138млн. қаражат бөлінді. Осы қаражаттың аясында қырық участок абаттандырылды. Қазіргі уақытта қырық участоктің отыз жетісінде жұмыстар жүргізілуде.Он жеті жиындық МАФ орнатылды. Алаңдардың бетон негіздері дайындалды.Үш мың шаршы метр брусчатка төселді.

Ал Жеңіс және Сәтпаев даңғылы бойындағы тұрғын үйлерге, сәндік жарық шамдар орнатылды. Ертіс жағалауында заманауи демалыс аймағы – баскетбол алаңы, скейт-парк, мурал және тынығу орындары салынуда. Шешек тауының етегінде қоғамдық демалыс орны ашылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Тұрғындар тарапынан сынға іліккен жарықтандыру мәселесі де басты назарда. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жеті учаскеге жарық шамдары орнатылды. Есептік кездесулер нәтижесі бойынша тағы 30 жоба жүзеге асырылуда. Мектепке баратын жолдар да жарықтандырылды. Облыс орталығын абаттандыру, инфрақұрылымын дамыту жұмыстары игі жалғасын табады.


Талант Тұрсынов