Алтай ауданында халықаралық «Алтын Тұрғысын» фестивалі өтті. Фестиваль он сегізінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Айқымды шараға елдің түкпір-түкпірінен келген мәдениет саласының майталмандары, қолөнер шеберлері қатысты.
Фестивальдің ашылу салтанатына Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев қатысып, аудан тұрғындары мен қонақтарына мәдени шараның маңыздылығын атап өтті.
Ренат Құрмамбаев, Алтай ауданының әкімі:
Біз әрқашан осы дәстүрлерді сақтап, бейбітшілікті сақтап, өзіміздің ауданымыздағы өткізіліп отырған іс-шараларды ешқашан ұмытьпай, оны ары қарай дамытуымыз керек.
Мерекеге келген қонақтар мен қатысушылардың көңіл-күйі тамаша. Солардың бірі - Фарида Тауданбекова. Ақ жаулықты ана фестивальге арнап өлең жолдарын тарту етті.
Фарида Тауданбекова, «Ата дәстүр» қазақ мәдени бірлестігінің жетекшісі:
Тұмадан бастау алған ақ бұлақтай,
Егоров мырза бастаған ізгі бастамалар.
«Алтын Тұрғысын» — бар әлемнен халықты жинағандай,
Әсем өзен бойында сыңғырлаған ән мен жыр, асқақ мұралар.
Жайнай бер, жасай бер, «Алтын Тұрғысын»,
Шат күлкіге бөлене бер, барша адам,
Көпұлтты қазағымның кең байтақ даласында
Татулық пен өнердің салтанат құрған алаңында.
Ауқымды шараға қатысушылар облыстың түкпір-түкпірнен жиналды. Арасында фестивальге алғаш рет келгендерде бар.
Зарина Бүлкебаева, аудан тұрғыны:
Мен мұндай фестивальге бірінші рет келіп тұрмын. Бұл жерде әр түрлі спорттық шаралар өтіп жатыр, іс-шаралар өтіп жатыр. Маған барлығы өте қатты ұнап тұр. Атмосфера күшті, көңіл күйде күшті.
Фестиваль аясында қолөнер бұйымдары, фотосуреттер мен майлы бояумен салынған сурет көрмесі ұйымдастырылды. Ал кешқұрым өзен маңында алау жағылып, қатысушылар би кешіне жиналды.
Кәусар Идаятқызы