ТЖД ашық есік күні өтті. Шарада мектеп оқушылары құтқарушылардың күнделікті қызметімен танысты. Ерекше бастама «Біріңғай өрт қауіпсіздігі күні» аясында ұйымдастырылды.
ТЖД қызметкерлері оқушыларды өрт кезінде қолданылатын техникамен таныстырып, қауіпсіздік ережелері жайлы викторина ұйымдастырды. Ашық есік күніне «Қызыл Жарты Ай» қоғамының ШҚО филиалының еріктілері, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қатысты. Олар зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек қалай көрсетілетінін айтты.
Шарада балаларға өрттің шығу себебі, төтенше жағдайда не істеу керектігі туралы ақпарат берілді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл бастама оқыс оқиғалардың алдын алуға сеп болмақ.