Алғыс айту күніне орай «БІРЛІК POWER» студенттік ассамблеялары ашылды. Бүгінде мұндай платформалар еліміздің көптеген жоғары оқу орындары мен колледждерінде жұмыс істейді. Осылайша, студенттік ассамблея өкілдері жастар арасында келісім мен бірлікті нығайтуды көздейді.

Облыста алғаш рет Қазақстан халқының студенттік ассамблеялары құрылды. Бұл бастаманы жүзеге асыруда Өскеменде үш жоғары оқу орыны мен төрт колледж таңдалды. Қазақстан халқы Ассамблеясының идеясы арқылы туындаған бұл бастама студенттер қауымы үшін маңызды, деп атап өтті «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдығы бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев.

Шараға қатысушыларға «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі қызметінің негізгі бағыттары туралы айтылды. Жастар саясаты саласындағы жобаларды талқылау аясында қатысушылар жастарға ұсыныстарын білдірді.

Студенттердің айтуынша, жастардың идеялары мен шығармашылық бастамалары оқу орындарында оқитын түрлі ұлт өкілдері арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі.

Шара соңында кездесуді ұйымдастырушылар жастардың бастамаларын қолдайтындықтарын атап өтті. Тағы бір айта кетерлігі, студенттер ассамблеясының қатарына қосылған студенттерге куәлік пен сертификаттар табысталады.