Биыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Осы сала қызметкерлеріне көп көңіл бөлінбек. Олар қоғам үшін маңызды міндеттерді жүзеге асырады. Соның қатарында Өскемен Жылу-электр орталығының мамандары бар. Қаланы күнделікті жылу мен электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін еңбек етеді. Кәсіпорын үшін қызмет сапасын арттыру мен жаңғыру бірінші орында.

 «Әр шара жұмысты жақсартуды мақсат етеді» осы ұстанымдағы «Қазақстандық Коммуналдық жүйелер» ЖШС басқарушы компаниясы өкілдері қаладағы Жылу-электр орталығында «Релелік қорғаныс және автоматика. Өндірісте ұйымдастыру. Даму перспективалары және жас мамандарды даярлау» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара бойы тәжірибелі мамандар, оқу орындары мен өндіріс өкілдері релелік қорғау және автоматика жұмысын ұйымдастыру, осы салада жас мамандарды даярлау, біліктілік пен өндірістік дағдыларды арттыру жайын талқылады. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтардың мәртебесі мен тартымдылығын насихаттау жөнінде кеңес құрды.

Шараға еліміздің әр өңірінен келген кәсіпорындар, жоғары оқу орындары мен колледждер, кәсіптік білім беру орталығы, сондай-ақ ШҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Энергетика саласы үшін кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау осы бағыттағы маңызды қадам. Оқу орындарының кәсіпорындармен өзара іс-қимылы, оқытудың мамандандырылған бағдарламаларын әзірлеу және жұмысшы мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстың маңызды бөлігі саналады.