Облыс орталығында «Қауіпсіз қала» акциясы аясында ойын сауық орындарына рейдтік тексерулер жүргізілді. Шараға Amanat партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері мен облыстық мәслихат депутаттары қатысты. Рейд барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруі, ойын сауық орындарына бару фактілері мен заңсыз әрекеттердің болмауы бақылауға алынды.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған шараға 60-тан астам полиция қызметкері жұмылдырылған. Акция аясында олар мекеме қызметкерлері мен қонақтарына заң талаптарын түсіндіріп, профилактикалық әңгіме жүргізді. Тәртіп сақшылары мұндай шаралардың маңызы жоғары деп отыр. Акция азаматтардың қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.