Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарында Қазақстанның биатлон құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. Ұлттық құрама сапында шығысқазақстандық спортшы Ольга Полторанина өнер көрсеткен болатын. Халықаралық додада жүлдегер атанған спортшыны Өскемен әуежайында жақындары мен жанкүйерлері қарсы алды.

Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарында ұлттық құрама сапында шығысқазақстандық екі спортшы - Ольга Полторанина мен Елизавета Белецкая өнер көрсетті.

Спортшы Қытай мен Оңтүстік Кореядан келген қарсыластары мықтырақ болғанын, алда әлі көп жұмыс жасау қажеттігін айтты.

Ольга Полторанина қысқа мерзімді демалыстан соң, жаттығу жұмыстарын бастауды көздеп отыр.