Өскеменде атом электр станцияларына қажетті отын түрі - уран отын таблеткаларын шығаратын Үлбі металлургиялық зауыты жұмыс істейді. Уран отынының түйіршіктерін өндіру жоғары дәлдікті, арнайы жабдықты және әрбір кезеңде мұқият бақылауды қажет етеді. Сондықтан ол жерде жауапкершілігі мол, өз ісіне ұқыпты мамандар жұмыс істейді. Олардың көбі – әйелдер. Ал олардың бір күндік жұмыс барысы қалай өтеді? Келесі бейнематериалдан көріңіздер.

Отын түйіршіктері ол ядролық отынның негізі. Ол престеу тәсілі арқылы жасалады. Кейін арнайы пештерде термиялық өңдеуден өтеді. Ол 5%-ға дейін уран 235 изотопымен байытылған уран диоксидінен тұрады. Отын түйіршіктерін дайындау жұмысын көбіне әйелдер атқарады. Өйткені олар осы бір дәлдік пен шыдамдылықты қажет ететін күрделі тапсырманы ең жақсы орындайды.

Ядролық отынның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Үлбі металлургиялық зауытындағы әйелдердің алар орны зор. Олардың жауапкершілігі мен шеберлігі күрделі жұмыстарды орындауға мүмкіндік беріп қана қоймай, зауыттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.