Алғаш рет республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Ғасырлық дәстүрлер» фестивалінің қорытындысы шығарылды. Қазақстанның түпкір-түпірінен жиналған шеберлер қазақтың бекзада өнерімен тағы бір мәрте халықты таң қалдырды. Елде алғаш рет өткен шараға 10 өңірдің қолөнер шеберлері келді.

Аймақта өткен шараның мақсаты - атадан балаға мұра болып жеткен дәстүрді, ұлттық өнерді ұрпаққа насихаттау.

Кілем - әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді. Әділқазылар алқасы осы өнерді қазіргі ұрпақта білсе екен дейді.

Қызылорда облысынан келген Гүлнұр Анапияева фестивалдің жеңімпаз атанды.

Өскеменде тұңғыш рет өткен кілемдер фестивалін жыл сайын ұйымдастыру көзделіп отыр.