Облыста 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Анама хат – Письмо маме» атты онлайн челлендж өтіп жатыр. Шара 24 ақпанда бастау алды. Челленджді өңірдің белсенді жастары бастап кейін аймақтағы түрлі сала мамандары қолдады.
Челлендждің мақсаты - аналардың рөлін дәріптеп, отбасылық құндылықтарды нығайту және ұрпақтар арасындағы байланысты күшейту. Оған кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін анаға арнап хат жазып немесе бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желіде #Анамахат_ШҚО хештегімен жариялау қажет.