ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков Өскемен қаласының халқымен кездесті. Кездесу барысында аймақтың бас полицейі өткен жылғы жұмыс нәтижесін баяндап, биылғы жылдың жұмыс жоспарымен таныстырды. «Заң мен тәртіп» қағидаттары да түсіндірілді. Департамент бастығы соңғы бес жылда профилактикалық жұмыстар мен кездесулердің арқасында құқық бұзушылықтың саны азайды, дейді.
Полицияның мәліметінше, бүгінде қылмыстық құрылымның көп бөлігі интернет алаяқтық пен ұрлық дейді. Бұл бойынша өткен жылы 15 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 53 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 32-сі бопсалау және 12-сі қаруды заңсыз сақтау ісі болып тіркелген.
Кездесудің ерекше сәттерінің бірі құқық қорғау қызметкерлеріне алғыс айту болды. Жылы лебіздердің басым көбі учаскелік полиция инспекторларына арналды. Тұрғындар олардың кәсібилігін, жеделдігін және халық мәселелеріне әрдайым мұқият назар аударатынын атап өтті.
Тәртіп сақшылары қоғамдық орындардағы қауіпсіздік пен сақтықты қатаң назарға алған. Полицейлер үшін ең бастысы – тұрғындардың амандығы.