Жергілікті кәсіпкер өз күшімен жылыжай салып, бесінші жыл қатарынан қаладағы гүл саудасын қыздырып отыр. Осы маусымда оның жылыжайынан 20 мыңға гүл саудаға шығады. Жоғары сұранысқа ие гүлдердің күтімі жайлы әріптесім айтсын...
Өскемендік кәсіпкер Владислав Мальцев өз саяжайында қызғалдақ өсіріп, сүйікті ісін нағыз кәсіпке айналдырып отыр. Қызғалдақтар күзде отырғызылып, наурыз айында сатуға жарайды. Бастапқыда азамат шағын көлемде жұмыс істесе, бүгінде гүлдер саны 20 мыңға жетті.
Толыққанды жылыжай салу үшін кәсіпкерге бірнеше жыл қажет болды. Төрт жыл бұрын алғашқы қызғалдақтарын отырғызған кәсіпкер жылдан жылға жұмысын жақсартуда. Қызғалдақтың пиязшықтары Нидерланд елінен әкелінеді. Суық мезгілде жылыжайды күтіп ұстау да оңай шаруа емес.
Наурыз басталысымен гүлдерге сұраныс артады. Кәсіпкер болашақта жылыжайды үлкейтіп, өз гүл дүкенін ашуды жоспарлап отыр.