Шығысқазақстандық спортшылар қысқы спорттық жарыстарда үздік нәтиже көрсетті. Қытайдың Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындарында ұлттық құрама 20 медаль жеңіп алды. Бұл жеңісте аймақ спортшыларының үлесі жоғары. Сонымен қатар, жарысқа ШҚО ең көп спортшы аттанған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов айтты.
Қысқы Азия ойындарында Қазақстан тамаша нәтиже көрсетіп, медаль саны бойынша төртінші орынға табан тіреді. Тек Қытай, Оңтүстік Корея және Жапонияға есе жіберді. Ұлттық құраманың қоржынына түскен 20 медальдің 4 алтынын спортшылар хоккей, шорт-трек, биатлон және фристайл түрлерінен жеңіп алған.
Ерлер командалары арасында шайбалы хоккей жарысы, шаңғымен секіру, шаңғы қоссайысы және фристайл акробатикасы аяқталды. Қазіргі таңда Спартакиадада шығыс спортшылары хоккейден ерлер командалары арасындағы жарыстарда алтын медаль жеңіп алды. Ал, Фристайл акробатикасы бойынша облыс құрамасы қола медаль еншіледі.
Бұдан бөлек, 18 наурызда Щучинск қаласында спартакиада өтеді. Ал, жарыстар 13 сәуірге дейін жалғасады.