Аймақта студенттік ассамблея ойындары өтіп жатыр. Шараны Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының қолдауымен «Жастар» Ассамблеясы ұйымдастырып отыр. Бұл шара белсенді студенттерді спорттық және интеллектуалдық сайыстарда біріктіріп, жастар арасында мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Студенттік ассамблея ойындары спорттық және интеллектуалдық бағыттарды қамтиды. Студенттер суда жүзу, футзал, этно ойын және этновикторина сияқты ойындардан жарысады. Қатысушылар үшін футзал турниріне дайындық екі аптаны қамтыған.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, екінші орынды Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, үшінші орынды ШҚО Жастар ассамблеясы иеленді.